Футболдан Әлем чемпионатының басталуына санаулы минуттар қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионатының басталуына санаулы минуттар қалды

14.06.2018

Санаулы минуттардан кейін басталып, бір айға созылатын футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатын астаналықтар мен қала қонақтары бір мезетте бір жерден тамашалауға мүмкіндік алды. «Қазмедиа» ғимаратындағы үлкен экран алдына қазір жанкүйерлер жиналып жатыр.

Әлем назары бүгіннен бастап Әлем чемпионатында. Алайда, дүбірлі доданың шымылдығы түрілмей тұрып сенсацияларға қанығып жатырмыз. Испания құрамасы чемпионатқа күні кеше бас бапкерін қызметінен босатты. Себебі, Хулен Лопетеги ешкімге ештеңе ашып айтпастан «Реал» командасымен келіссөз жүргізген. Ал, Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің Әлем чемпионатына осы соңғы қатысуы болуы мүмкін. Жастары келіп қалған олар бұл жарысқа жанын салары сөзсіз. Себебі, қанша жерден әйгілі болғандарымен екеуінің де Әлем чемпионы деген атағы жоқ. Сондықтын, бұл чемпионат футболшылар үшін де, көзі қарақты көрермен үшін де қызық болмақ.

Чемпионатты бастан-аяқ «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен «QAZSPORT» телеарнасынан тамашалай аласыздар. Әр кім өзінің сүйікті командасының өнерін көруге толық мүмкіндік бар. Себебі, 64 матчтың бәрін де көрсететін боламыз. Миллиондардың ойынын телеарналарымыздан көріңіздер!

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу