Сочи Олимпиадасына санаулы күндер қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасына санаулы күндер қалды

03.02.2014
Сочи Олимпиадасына санаулы күндер қалды

Сочи олимпиадасының басталуына санаулы күндер қалды. Әдеттегідей белгілі спорт мамандары қатысушы әр елдің мүмкіндіне баға беріп, алдын ала болжамдарын айтуда. Ресейдің «Спорт Экспресс» газеті де еліміздің қанжығасы майланады деп болжам жасапты.
 
 Сарапшылар Қысқы Олимпиадада Қазақстан үш медаль алады, оның екеуі алтын біреуі қола болады деп топшылайды. Алғашқы алтынды 15 шақырымдық жарыста Алексей Полторанин, екінші алтынды 50 шақырымдық масс стартта алса, тағы бір жүлдені 1000 метрде конькимен жүгіруші Денис Кузин алуы мүмкін деп баға беріпті. Әрине ол тек болжам ғана. Саңлақтарымыз одан да көп жүлдеге ие болады деген сенімдеміз.

Хабарламаларға жазылу