Қатар – 2022: Доһада Әлем кубогы көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар – 2022: Доһада Әлем кубогы көрсетілді

14.11.2022

Дүниежүзілік доп додасының басты жүлдесі Доһада көпшілікке көрсетілді. Бұған дейін әлем кубогы 51 мемлекетті кезегімен аралады. Футболдан Әлем чемпионаты араб елінде алғаш рет өтпек. Шараға қызу дайындық жүріп жатыр. Оның басталуына санаулы күн қалды. Алғашқы матч алдағы жексенбіде әл-Хаур қаласындағы әл-Байт стадионында Қатар және Эквадор құрамаларының кездесуімен басталады. Чемпионат желтоқсанның 18-не дейін жалғасады. Жарысты тамашалауға Қатарға әлемнің түкпір-түкпірінен 1 млн 200 мыңдай адам жиналады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу