Футболдан Әлем чемпионатының аяқталуына санаулы күндер қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионатының аяқталуына санаулы күндер қалды

09.07.2018

Ертең кешке «Санкт-Петербург» стадионында Франция мен Бельгия командалары кездеседі. Екі команда да биылғы чемпионатта әзірге ұтылып көрген жоқ. Ойын 10-шілде күні «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Басталуы 23:50-де.

Жартылай финалда бақ сынайтын келесі құрамалар Хорватия мен Англия. Топтан 2-ші орынмен шыққан Англия плей офф кезеңінде бір ойынды тең, екіншісін жеңіспен алса, Хорватия қарсыластарынан тек пенальтидің арқасында басым түсіп келеді. Мәскеудің «Лужники» алаңында өтетін кездесуді де «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан 11-шілде күні 23:50-де тамашалай аласыздар.

Жартылай финалда қарсыластарына есе жіберген командалар 14 күні 3-орынға таласады. Ал, жеңімпаздар жексенбі күні Астана уақытымен 21:00-де ақтық сынға түседі. Ал, біздің арналар 20:35-тен бастап Әлем чемпионатының жабылу салтанатын тікелей эфирде назарларыңызға ұсынады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу