Футболдан әлем чемпионатының басталуына санаулы күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан әлем чемпионатының басталуына санаулы күн қалды

16.11.2022

Футболдан әлем чемпионатының басталуына санаулы күн қалды. Дүниежүзілік доп додасы осы жексенбіде басталып, желтоқсанның 18-не дейін жалғасады. Алғашқы матч Әл-Хаур қаласындағы Әл-Байт алаңында Қатар және Эквадор құрамаларының арасында өтеді. Жалпы осы чемпионатты тамашалауға 1 млн 200 мыңдай жанкүйер бармақ. Еске салайық, әлем чемпионатын Қазақстан және Қазспорт арналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, ойындарды qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен ұлттық арнаның мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу