Сайлаудағы барлық байқаушылар іс-әрекетінің бірыңғай қағидалары да белгіленді. Бүгін Партиялық емес байқау орталығының өкілдері тәуелсіз байқаушылардың әдеп кодексін қабылдады. Жиналғандардың сөзінше, бұған дейінгі сайлау науқандарында байқаушылар тарапынан бірқатар заң бұзушылықтар тіркелген.
Құжатқа сай енді тәуелсіз байқаушылар заңнамалық нормалар мен ережелерді қатаң сақтауға және сайлау процесіне қатысушылардың барлығының жұмысына құрметпен қарауы тиіс. Әрі сайлау мәдениетін арттыруға және жалпы байқау институтын дамытуда маңызы зор Кодекс Орталық сайлау комиссиясына ұсынылмақ.
Төлеген Күнәділов, партиялық емес байқау орталығының төрағасы:
Қазір сайлау науқандарына халықтың байқаушы ретінде қатысу ынтасы өсіп келеді. 2019 жылы 44 мыңдай адам байқаушы ретінде қатысқан болса, президент сайлауына, 2021 жылы парламент сайлауына 74 мыңнан астам адам байқаушы ретінде қатысты. Жыл сайын байқаушылар саны артып келеді. Тәжірибе көрсеткендей, байқаушылардың көбі заңды білмеу, тәжірибенің аздығынан көп жағдайда заңбұзушылыққа жол беріп қояды.
Армангүл Тоқтамұрат