Еуропалық сарапшылар қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтады
«Қазақстандағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулық-әлемге үлгі. Осы құндылықты қадірлей білу керек». Барша қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтаған еуропалық сарапшылар осылай дейді. Шетелдік сыншылар ел үкіметінің экономикалық қуатты, демократиялық дамыған, әлеуметтік жауапты мемлекет тұрғызудағы талпынысын жоғары бағалап отыр.
Сарапшылар ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар халықтың әл-ауқатын арттырып, Қазақстанды жаһанға жаңа қырынан танытатына сенімді.
Марат Тертеров, Энергетикалық хартияның сарапшысы:
Елдеріңіз жекешелендіру, банк жүйесін ырықтандыру, шетелден тікелей инвестиция тарту сынды экономикалық реформалармен қатар көппартиялы саяси жүйе құру арқылы плюрализмді дамытып, бірқатар саяси реформа да жүргізіп жатыр. Халық осының игілігін көріп, ел дами берсін.
Андраш Гал, «Барыс» қазақ-мажар қорының басқарма төрағасы:
Елдеріңіз маңызды халықаралық бастамалары арқылы жаһан жұрты санасатын мемлекетке айналды. Қазақстан халқы еркін, өз ойын ашық білдіре алатын дәрежеге жетті. Демек, елдің саяси келбеті өзгеруі-заңдылық. Бауырлас елге, халыққа тілерім-бейбітшілік.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана «OTBASY FEST» фестивалі өтті
15.09.2025, 10:22

Студенттер Еуропада өткен чемпионаттан 7 медаль жеңіп алды
15.09.2025, 10:19
Түркияда ондаған мың адам шеруге шықты
15.09.2025, 10:17
М. Рубио Израильдің Қатарға шабуылын сынға алды
15.09.2025, 10:15
ІІМ жолда бақылауды күшейтті
15.09.2025, 10:13
Астанада бірқатар мекеменің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 10:12
Алматыда жаңа инвестициялық кезең басталса, жұмыс орындары ашылады
15.09.2025, 10:09
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы бірінші орын алды
15.09.2025, 10:07