Елде жаңа электр станциясы салынуы мүмкін. Атом электр станциясына қатысты нақты шешім жоқ. Үкімет қай елдің технологиясына тоқтайтынын әлі білмей отыр. Сондықтан, Екібастұзда көмірден қуат өндіретін жаңа нысан салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық Қазына» төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Жалпы, елдегі электр энергия нысандарының дені тозған. Станциялар мен желілердің 60 пайыздан астамы ескі. Бұл энергия қауіпсіздігіне үлкен қауіп. Осы бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынады. Электр энергиясын көп қолданатындарға тариф саясатын өзгерту қарастырылып жатыр. Мысалы, майнинг. Қуат көзін шектен тыс пайдаланатындарға баға да тиісінше қымбат болуы тиіс. Сондықтан, энергетика министрі тариф бағасы көтерілетінін жоққа шығармады.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
Тікелей есепке алатын болсақ, осы жылы емес, бірақ болашақта 5,6,10 жыл ішінде салу керек. Бұл деген 1,2 теңгеге өсуі мүмкін. Бірақ, бұл бірыңғай сатып алушы және энергия жасайтын болсақ сәл төмендеуі мүмкін.
Әсима Нұрбай