Елімізге 380 миллиард доллар инвестиция тартылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге 380 миллиард доллар инвестиция тартылған

14.10.2022

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халықаралық алаңда беделді, тұғыры берік, экономикасы қуатты елге айналды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі 17 есе өсті. Орталық Азиядағы алыс-берістің 60 пайызы біздің елге тиесілі. Егемендіктің арқасында еліміз тағы қандай жетістіктерге қол жеткізді. Тілші материалында.

Бұл Орталық Азияға құйылған қаражаттың 70 пайызы. Былтыр бұл сома 24 миллиард доллардан асып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 38 пайызға артқан.

Тәуелсіздік кезеңінде құрылыс саласы экономиканың қозғаушы саласына айналды. 180 миллион шаршы метр үй салынды. Нәтижесінде 1,5 миллион адамның тұрғын-үй жағдайы жақсарды. Тек соңғы 12 жылда құрылыс жұмыстарының көлемі 2,8 есеге, яғни 1 трлн 700 млрд-тан 4 трлн 900 млрд теңгеге көбейді.

Отандық машина жасау да дамып келеді. Саладағы өндіріс көлемі соңғы он жылда 376 млрд теңгеден 1,8 трлн теңгеге дейін артып, 5 есеге өскен. 3 мыңнан астам кәсіпорын бар. 120 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде елемізде Siemens, General electric, Alstom, Hyundai, Claas секілді халықаралық алпауыт компаниялар жұмыс істейді.

Қазақстанның транзиттік әлеуеті дамып келеді. Тәуелсіздік жылдары 13,5 мың шақырым жол салынып, жөнделді. 2500 км теміржол төселді. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолының еліміздегі бөлігі іске қосылды. Каспий теңізінің жағасында Құрық айлағы ашылды. Бүгінгі таңда біздің ел арқылы 11 халықаралық транзиттік дәліз өтеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу