Қостанай облысындағы өртте бір адам көз жұмды
Қостанай облысындағы өртте 86 жастағы тұрғын қаза тапты. Құтқарушылар марқұмның денесін Аманқарағай аулындағы қираған үйлердің астынан бүгін таңертең алып шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Новонежинка ауылында өткен арнайы брифингте мәлімдеді.
Юрий Ильин, Төтенше жағдайлар министрі:
«Марқұм – 1936 жылы туған мүгедектігі бар азамат. Жедел шаралар барысында учаскелік инспектордың эвакуация туралы ескерткенін анықтадық. Бірақ басқа жаққа көшуден бас тартқан. Алайда адам өлімі фактісі бойынша тергеу жүргізілетін болады».
Соңғы мәлімет бойынша өрттің жалпы аумағы 43 мың гектардан асқан. Қызыл жалынның сегіз ошағы анықталып отыр. Қазір өртті елдімекендерге жібермеу үшін үш жерде күрес жүріп жатыр.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада ІІ Халықаралық Құран жарысы өтіп жатыр
15.10.2025, 17:30

«Келешек мектептері» Түркістан облысында үш ауысым мәселесін шешуде
15.10.2025, 17:28
Алматыдағы кітапханаға М.Әуезовтың есімі берілді
15.10.2025, 17:26
Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аяқталды
15.10.2025, 17:24
Өзбекстанның Наманган облысы гүл экспорттаушы өңірге айналып келеді
15.10.2025, 17:22
Шетелдік оқытушылар Ақтөбеде ағаш екті
15.10.2025, 17:18
Ерік-жігері мықты өрт сөндірушілер
15.10.2025, 17:18
Сарқан қаласында жаңа саябақ ашылды
15.10.2025, 17:16