Елімізде балабақшаларды лицензиялау қолға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балабақшаларды лицензиялау қолға алынады

19.07.2022

Елімізде балабақшаларды лицензиялау қолға алынады. Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар мұндай сыннан сүрініп кетеміз деп отыр. Салдарын ата-аналар мен балалар тартады, - дейді. Бірақ, қойылатын талаптар мен біліктілік ережелері әлі бекітілген жоқ. Лицензиялау жұмыстары қалай жүреді?

Жеке меншік балабақша өкілдері лицензия алу талаптарын орындай алмаймыз деп отыр. Көптеген мектепке дейінгі мекемелер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Кесірі ата-ана мен балаға тиеді. Кадрлар жұмыссыз қалады. Лицензия талаптары тым қатаң, -дейді.

Бану Әлкенова, жеке меншік балабақша меңгерушісі:

70 пайыз бірінші және высший категория болу керек. Оны алу үшін тестированиеден өтеді. Лицензияны алу қиын. Талапқа біз сай емеспіз. Типовой здание болу керек. Бір балаға 2 квадрат бөлінеді. Оны приспособленный балабақша қалай өтеді. Бұл жерде ата-ананы да ойлап жатқан ешкім жоқ. Ата-ананың деңгейі де әртүрлі отбасы жағдай

Белсенділер лицензияның жұмыс сапасын арттыруға ешқандай ықпалы болмайды дегенді айтады. Тек кәсіпкердің қолын байлайды.

Лейла Күленова, Инклюзивті білім беру қауымдастығының төрайымы:

Біліктілігін арттырған тәрбиешілер мемлекеттік балабақшаларға кетіп жатыр. Салдарынан жеке меншік ұйымдарда кадр тапшы. Олар қайтіп тестілеуден өтед?. Қайтіп лицензия алады? Жалпы жеке меншік ұйымдарға қолдау жоқ деп есептейміз.

Бала тәрбиесі – ортақ. Барлық балабақшаға қойылатын талап бірдей. Ал лицензия алған ұйымдарда жемқорлық азаяды. Ата-аналардың балабақшаға деген сенімі артады, - дейді министрлік өкілдері. Себебі, рұқсат құжаттарын беру мемлекеттік қызметке жатады. Толық автоматтандырылған. Балабақшаның лицензия беретін органмен тікелей байланысы болмайды.

Гүлзат Көбенова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы:

Бірінші кезеңде жаңадан ашылған балабақшалар лицензияланады. Орта есеппен жылына 200-ге жуық балабақша ашылып отыр. Екінші кезеңде мемлекеттік аттестациядан өтпеген балабақшалар. Үшінші кезеңде тәуекелдероді ескере отырып, қалған балабақшалар лицензияланады.

Елімізде 11 мыңға жуық балабақша бар. Оның жартысына жуығы жеке меншік. Стандарт барлығына бірдей. Дегенмен, кемшіліктерді жоюға үш мүмкіндік беріледі. Оларға құлақ аспаған балабақшаларды лицензиясынан айыру қарастырылған. Ал баланы ұрып-соғу секілді фактілер жеке қаралады.

Дарын Сағитов, тілші:

Ведомство өкілдері лицензиялау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп отыр. Оған дейін дайындық жұмыстары бар. Тиісті заңнамалық құжаттарды реттеу қажет. Жалпы елімізде жұмыс істеп тұрған балабақшалардың 90 пайыздан астамының лицензия алуына толық мүмкіндігі бар.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу