«Amanat» партиясында өзекті мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясында өзекті мәселелер талқыланды

13.07.2022

Алматыда газбен жүретін автобустар көп. Бірақ, қоғамдық көліктерді көгілдір отынмен қамтамасыз ететін бекеттер тапшы. Сол себепті қала көшелерінде кептеліс болып, адамдар діттеген жеріне уақтылы жете алмайды. Мұндай мәселе "Amanat" партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша өткен жиында көтерілді. Отырысқа қала әкімінің орынбасары, құрылым басшылары мен депутаттар қатысты. Жалпы, Алматыда 7 газ станциясы бар. Соның біреуі - мемлекеттік, қалғаны жеке меншік. Ал әкімдік жақында ғана газбен жүретін қосымша 300 автобус сатып алды. Сол себепті депутаттар бұл мәселені реттеуіміз қажет деп отыр.

Бекқали Торғаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бүгінгі күнге ондай проблема бар. Енді оның шешу мәселесін қарастырған кезде қалада бос жер жоқ салатын. Бәріміз нарықтық экономикада тұрып жатырмыз. Бизнестің өзі бұған жылжу керек еді. Бұл жақтан кедергі бар ма, болмаса қиындықтар бар ма...жеке меншік көліктердің газға көп ауыспауына байланысты ма..тереңірек қарап, бұл мәселені бәрібір шешу керек.

Алматы қалалық автомеханикалық колледжінің жатақханасы биыл да салынбайтын болды. Кездесуде қарастырылған тағы бір мәселе осы. 300 орындық нысанның құрылысы жанындағы кәсіпорын жұмысына байланысты тұралап қалған. Яғни, тиісті құрылым өндіріс орнына уақтылы сараптама жүргізбеген. Соның нәтижесінде аталмыш аймақтан студенттерге баспана салуға бола ма, болмай ма әлі белгісіз. Алматыда 40 мың студентке жатақхана жетпейді. Бүгінде қалада тек 4 университеттің жатақханасында құрылыс жүріп жатыр.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу