Алғашқы жарты жылдықта елімізде 284 мың адам жұмыспен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғашқы жарты жылдықта елімізде 284 мың адам жұмыспен қамтылды

11.07.2022

Алғашқы жарты жылдықта елімізде 284 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Оның ішінде тұрақты еңбекке тартылғандар саны 131 мыңнан асады. 78 мыңға жуық адам қоғамдық жұмыстарға араласса, 34 мыңнан астам азамат кәсіптік бағдарлаудан өткен. Бір жарым мың адам мемлекеттік грантқа ие болды. Сонымен қатар, зейнеталды жастағы адамдардың ішінен 816 азамат «Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасты. Электрондық еңбек биржасында онлайн-жәрмеңке де ұйымдастырылды. Оған 1 300-ден астам жас қатысты. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында халықты жұмыспен қамту шаралары жалғасын табады дейді ведомство өкілі. Биыл жалпы 440 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделген.

Аяулым Берекенова, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:

Жұмыссыз азаматтар Еңбек биржасына келіп, жұмыссыз адам ретінде тіркелу керек. 05.20+05.28 Ол кісіге базада бар бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Егер ол жұмыс орындарына сәйкес келейтін болса жаңағыдай жұмыспен қамту шараларына тартатын боламыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу