Балқантаудағы өрт басылмай тұр
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Балқантау баурайындағы өртті сөндіру жалғасуда. Тілсіз жау шарпыған аумақта қазір 3 бірдей тікұшақ жұмылдырылған.
Қазіргі уаықтта 3-4 өрт ошағы басылмай тұр. Жанған жердің жалпы ауданы 1100 гектарға жуық. Таулы-жартасты жер бедері, жақын маңда су көздерінің болмауы, күшті-ауыспалы жел жағдайды қиындатып жіберген.
Оқиға орнына Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы мен Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, кәсіпорындардың мамандары жұмылдырылған. Барлығы 233 адам және 45 бірлік техника жұмыс істеуде.
Ерлан Құсайын, Қарқаралы ауданының әкімі:
Қоздап жатқан, әлі де болса жел тұрса өршіп кетуі ықтимал өрт ошақтары бар. 3-4 ошақ. Сондықтан біз әлі толықтай локализация бере алмаймыз. Дегенмен жағдай тұрақты, маңайдағы елдімекендерге қауіп жоқ. Жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Т.Қалиев: Сайлау азаматтық қоғамды дамытады
13.10.2025, 20:24

Семейде сайлаушылардың дауысы есептеліп жатыр
13.10.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2025, 20:17
Израильдік тұтқындар босатыла бастады
13.10.2025, 20:14
Гидротехникалық нысанның құрылысы желтоқсанда аяқталады
13.10.2025, 20:13
Қ.Тоқаев АҚШ президентінің дипломатиялық табысын жоғары бағалады
13.10.2025, 20:10
«Достық – Мойынты»: Екінші желіден 13 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды
13.10.2025, 20:07
ІІМ: Қылмыстың үштен бірі мас күйде жасалады
13.10.2025, 20:07