Елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна қоқыс шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна қоқыс шығарылады

15.06.2022

Елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна қоқыс шығарылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді. Өкінішке қарай, былтыр қоқыстардың тек 21%-ы ғана өңделген. Биыл бұл көрсеткішті 24%-ға жеткіземіз, дейді ведомство өкілі. Осы бағытта жұмыс істейтін шағын және орта бизнес өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі. Ал қауіпті қалдықтарды өңдеу және оларды жоюмен айналысатын компаниялардың жұмысына бақылау күшейтіледі. Елімізде мұндай 60-қа жуық компания бар. Қоқысты шығару, өңдеу және сұрыптау қызметін көрсететін мыңға жуық ірілі-ұсақты кәсіпорын тіркелген.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:
Экологиялық ахуалға арналған брифингте Каспий теңізі деңгейінің кейінгі 10 жылда 1,5 метрге төмендегені айтылды. Әлемдік деңгейдегі экологиялық проблема – жаһандық жылыну деңгейінің өскені мен адами факторларға байланысты. Қазақстанда ауа температурасының көтерілу нормасы әлем елдерінен әлдеқайда жоғары. Кейінгі 40 жылда елімізде ауа температурасы орта есеппен әр 10 жыл сайын 0,32 градусқа көтеріліп келеді.

Каспий теңізінің деңгейі 1,5 метрге төмендеді

Экологиялық ахуалға арналған брифингте Каспий теңізі деңгейінің кейінгі 10 жылда 1,5 метрге төмендегені де айтылды. Әлемдік деңгейдегі экологиялық проблема – жаһандық жылыну деңгейінің өскені мен адами факторларға байланысты. Қазақстанда ауа температурасының көтерілу нормасы әлем елдерінен әлдеқайда жоғары. Кейінгі 40 жылда елімізде ауа температурасы орта есеппен әр 10 жыл сайын 0,32 градусқа көтеріліп келеді.


Хабарламаларға жазылу