Алматыда соңғы 10 жылда ревматологиялық ауруларға шалдыққан науқастар саны 3 есе көбейген. Қазірдің өзінде 118 мың адамға осындай диагноз қойылған. Дерттің дендеуіне коронавистық инфекция кері әсерін тигізді дейді мамандар. Бүгін мегаполисте Қазақстан ревматологтарының VІ Еуразиялық конгресі басталды. Жиынға аймақтардан 200-ге жуық дәрігер келіп, ал отандық және шетелдік 2500 маман онлайн қатысты. Басқосуда көтерілген басты мәселелерді Жазира Оразқызы баяндайды.
Гүлмира Шойбекова 7 жылдан бері буын аурумен күресіп келеді.Алғашында қолын қимылдатудың өзі қиынға соққан. Жыл сайын ревматологиялық орталықта ем қабылдаудың арқасында жақсара түстім дейді.
Гүлмира Шойбекова, Ақши ауылының тұрғыны:
Қолымдағы буыным.Әлсіздік пайда болды. Қозғалмайды. Не жоғары көтере алмайсыз,не төмен түсіре алмайсыз. Қазіргі жағдайым жақсы.
Ревматизм дерті кардиологиялық аурулар мен онкологиядан кейін мүгедектікке шалдықтыру жағынан үшінші орында тұр. Дәрігерлердің сөзінше, науқастардың басым бөлігі - 18 бен 59 жас аралығындағы азаматтар.
Анаргүл Күлембаева, қалалық ревматологиялық орталық директоры:
Ревматология саласының өзектілігі - науқастардың еңбекке жарамды жас адамдардың ауруымен, мүгедектікке жиі шалдығумен, өмір сүру ұзақтығының қысқаруымен сипаттталады. Көбінесе, өкінішке орай, жас адамдарда кездеседі.
Бүгінгі Конгресте диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі кезеңде аурудың әртүрлі сатысында емдеу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ басты мәселе - отандық ревматология саласына жаңа технологияларды тартудың тәсілдерін талқылау.
Александр Лила, В.Насонова атындағы ревматология директоры:
Ревматологияда озық әрі заманауи әдістер қолданылып жатыр. Айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Науқастың қалыпты өмірге көшуі үшін түрлі дәрі-дәрмектер де шығарыла бастады.
Десе де, дертті емдеуде қолданылатын кейбір препараттардың жетіспеушілігі мен маман тапшылығы - біздегі басты мәселелер. Екі күнге созылатын конгресс аясында осындай түйіткілдерді шешу жодары қарастырылмақ.
Жазира Оразқызы