Маңғыстаулықтар жаңбыр тілеп, тасаттық жасады
Түркістандықтар нөсерден зардап шегіп жатса, Маңғыстау облысының тұрғындары жаңбыр тілеп, тасаттық жасады. Теңіз жағалауына шамамен 3 мыңнан астам адам жиналды. Оларға өңірдің бас имамы Әнуар Елжанов жаңбыр тілеу намазының мағынасын түсіндірді. Содан кейін, көпшілік Маңғыстау өңірі үшін жуын тілеп, арнайы дұға оқыды. Айта кетейік, аймақта 2 жылдан бері қуаңшылық. Салдарынан ресми дерек бойынша 1 жарым мыңға жуық мал аштан қырылды.
Әнуар Елжанов, Маңғыстау облысының бас имамы:
Майлықожа атамыз айтқандай, «Адамның күні бар ма сыналмаған, Бақ тайса маал менен бас құралмаған. Күніне 90 түрлі көрсең бәле, сонда да күдер үзбе бір Алладан». Біз үмітпен шықтық. Көпшілікпен үлкені бар, кішісі бар, балалар, науқас кісілер бар барлығын шақырды. Қырықтың бірі Қыдыр, мыңның бірі Уәли деген Алла қаласа біз жаңбыр күтіп отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Т.Қалиев: Сайлау азаматтық қоғамды дамытады
13.10.2025, 20:24

Семейде сайлаушылардың дауысы есептеліп жатыр
13.10.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2025, 20:17
Израильдік тұтқындар босатыла бастады
13.10.2025, 20:14
Гидротехникалық нысанның құрылысы желтоқсанда аяқталады
13.10.2025, 20:13
Қ.Тоқаев АҚШ президентінің дипломатиялық табысын жоғары бағалады
13.10.2025, 20:10
«Достық – Мойынты»: Екінші желіден 13 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды
13.10.2025, 20:07
ІІМ: Қылмыстың үштен бірі мас күйде жасалады
13.10.2025, 20:07