Ел бойынша су басу қаупі: Жағдайды реттеуге 2 200-ден аса адам мен 500-ге жуық техника жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша су басу қаупі: Жағдайды реттеуге 2 200-ден аса адам мен 500-ге жуық техника жұмылдырылды

04.04.2022

Қазір ел бойынша 340 елдімекенде су басу қаупі жойылды. 385 аймақта қауіп барынша азайған. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 10 шақырымға жуық өзен арналары қайта құрылып, 22 шақырымы тазартылды. Қорғаныс бөгеттері салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен тәулікте Ақмола, Ақтөбе, Батыс және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында 150 мың текше метрдей еріген қар суы сорылды. Батыс Қазақстанға Маңғыстау және Атырау облыстарынан 92 адам, 13 бірлік техника көмекке жетті. Екі облыста 773 адам эвакуациялау пунктері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Қазір Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жолдардың 14 учаскесін су басқан. Жағдайды реттеуге 2 200-ден аса адам мен 500-ге жуық техника жұмылдырылды. 

Хабарламаларға жазылу