Алматы облысында полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Алматы облысында лаңкестерге қарсы операциялар аяқталды. Бірақ полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын-алу шаралары жүріп жатыр. Талдықорған қаласында тұрақты түрде төрт блокбекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Халықтың емін-еркін жүріп тұруын қадағалайтын қосымша бақылау бейнекамералар орнатылып, саяжайларда рейдтік шаралар жүргізілуде. Облыс аумағында 19 модульдік бекет қойылды. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар мен ішкі жолдарда бақылау күшейтілді.
Ержан Оразбаев, облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Жедел алдын-алу шаралары барысында 61 қылмыстық іс қозғалды. Бұрын іздеуде жүрген 11 қылмыскер қолға түсті. 15 қару, 3 жарылғыш зат тәркіленді. 11 арнайы қорғаныс құралы табылды. Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хорватияда Загреб бозкілеміне тартыс өтіп жатыр
16.09.2025, 10:31

«Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды
16.09.2025, 10:24
Әкімдерге ескерту жасалды
16.09.2025, 10:20
Дохада төтенше Араб-Ислам саммиті өтті
16.09.2025, 10:18
Футбол командаларын жекешелендіру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
16.09.2025, 10:15
Бокстан тарихи жеңіс сыйлаған қыздарымыз елге оралды
16.09.2025, 10:14
Астаналықтар Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайды күтіп алды
16.09.2025, 10:09
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды
16.09.2025, 10:05