Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған заң жобасы әзірленді
Сенаторлар мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған жаңа заң жобасын әзірледі. Бүгін Парламент қабырғасында құжат көпшілікке таныстырылды. Депутаттар мүмкіндігі шектеулі баланы шипажайға жіберген кезде онымен бірге еріп баратын адамға да жолдама құнының 70 пайызын өтеп беруді ұсынып отыр. Қазір ем-дом тек баланың өзіне ғана төленеді. Сонымен қатар заң қабылданса 3-топтағы мүгедек жандарға нотариустық қызметтерді тегін алуына жағдай жасалады. Ал есту немесе көру қабілетінен айырылған адамдарға сот барысында тиісті аудармашылар міндетті түрде болуы тиіс. Ал таксопарктерде әрбір оныншы көлік инвотакси болуы керек. Жиында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларды тұрғын үйлермен, сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:Сонымен қатар денсаулық сақтау, арнаулы әлеуметтік қызметтер, білім беру салаларының жұмысын және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар нормалар осы заң жобасына кіргізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хорватяда Загреб бозкілеміне тартыс өтіп жатыр
16.09.2025, 10:31

«Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды
16.09.2025, 10:24
Әкімдерге ескерту жасалды
16.09.2025, 10:20
Дохада төтенше Араб-Ислам саммиті өтті
16.09.2025, 10:18
Футбол командаларын жекешелендіру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
16.09.2025, 10:15
Бокстан тарихи жеңіс сыйлаған қыздарымыз елге оралды
16.09.2025, 10:14
Астаналықтар Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайды күтіп алды
16.09.2025, 10:09
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды
16.09.2025, 10:05