Елімізде эпидахуал күрт нашарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде эпидахуал күрт нашарлады

18.01.2022

Елімізде эпидахуал күрделі. Вирус, әсіресе, балалар арасында көбейіп бара жатыр. Мәселен, тек Солтүстік Қазақстан облысының өзінде оқу жылы басталғалы 1 251 оқушы ауырған. Басқа аймақтарда да жағдай мәз емес. 

Мәселен, Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны өткен аймен салыстырғанда 7 есеге өскен. Аймақта соңғы тәулікте 257 адам індетке шалдыққан. Ал жыл басынан бері 400-ге тарта оқушы ауырған.

Ал, Ақмола облысында науқастарға арналған төсек орын саны ұлғайтылмақ. Себебі індетті жұқтырғандар күрт көбейіп жатыр. Инфекциялық ауруханалардағы орындарды 870-тен біртіндеп 1 100-ге жеткізу жоспарланған. Қазір 420 науқас ем қабылдауда. Оның 24-і жансақтау бөлімінде жатыр.

Ақтөбе облысында да жағдай күрделі. Өткен тәулікте облыста 285 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Қазір 7 адам жансақтау бөлімінде. 1 500 астам науқас үйде ем қабылдап жатыр. Инфекциялық ауруханалардың жартысы толған.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу