Киевте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

16.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Киев қаласында өтті. Екі елдің ірі ғылыми және қоғам қайраткерлері, Украина сараптамалық орталықтарының жетекшілері мемлекеттер арасындағы байланысты одан әрі арттырудың жол картасын талқылады.

Украинадағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен өткен конференция оффлайн және онлайн форматта өтті. Тараптар – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстарды арттырудың жолдарын талқылады. Өз кезегінде Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев екі ел арасындағы экономикалық байланыстың мүмкіндігі артып келеді депатап өтті.

2020 жылы мемлекеттер арасындағы тауар айналым 750 млн долларды құраса, биыл бұл көрсеткіш 1 млдр доллардан асуы мүмкін. Елші бұл санды 5 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлайтынын айтты.

Аида Әбіл

Киев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы конференция

Хабарламаларға жазылу