Ақмола облысында балық өңдейтін алғашқы цех ашылды
Тәуелсіздік күніне орай Ақмола облысында балық өнімдерін өңдейтін тұңғыш цех ашылды. Қорғалжын ауданы Абай ауылында орналасқан өндіріс орнына шикізат , яғни балық ұзақ мерзімге жалға алынған көлден ауланады. Сондай-ақ, балықшылардан да өнім қабылданады. Мұнда шортан, алабұға, көксерке, табан балықтары өңделмек. Жоба қуаттылығы - күніне 1 жарым тонна. Жаңа өндірістің әлеуеті зор, - дейді мамандар. Себебі Қорғалжында өзен-көлдер баршылық. Нұр-Сұлтан қаласы да жақын. Сондықтан алдағы уақытта өңделген өнім елорда нарығына шығарылады.
Ерсайын Хасенов, кәсіпорын директоры:
Нарықты зерттедік. Ауданда шикізат та бар, сату нарығы да алыс емес. Сондықтан осындай цех ашу туралы шешім қабылдадық. Біз балықты толық қайта өңдейміз. Жартылай фабрикаттар шығарамыз. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеміз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55
Ипотека: Қандай өзгеріс болады?
19.10.2025, 19:53
Экономикаға түзету енгізіледі: Үкімет қандай шаралар қабылдауды ұсынды?
19.10.2025, 19:49
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16