«Таразға тарту»: «Үш бұлақ» жағалауы ел игілігіне берілді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Таразда тағы бір нысан пайдалануға берілді. Ол - «Таразға тарту» жобасы аясында демеушілердің көмегімен жаңартылған «Үш бұлақ» жағалауы.
Нұрдос Сембек, тілші:
Қазір біз тұрған жер «Үш бұлақ» жағалауы деп аталады. Қонаев көшесінен бастау алып, қаладағы «Зербұлақ» көліне дейін жалғасады. Ұзындығы - 850 метр. Бұрын жағалаудың бойына қалың қамыс өсіп, қараусыз жататын. Биыл аймақта бастау алған «Таразға тарту» жобасы аясында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Бұл - Тараздағы демеушілердің қолдауымен жөнделген 41-нысан. Жалпы, жағалау жаяу жүргіншілер жолынан басталып, жасанды арал көпіріне жалғасады. Сонымен қатар, 450 метр болатын веложол да салынған. Ел егемендігі қарсаңында берілген демалыс аймағында қала тұрғындарының таза ауамен тыныстап, серуендеуіне жағдай жасалған.
Нұрдос Сембек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Т.Қалиев: Сайлау азаматтық қоғамды дамытады
13.10.2025, 20:24

Семейде сайлаушылардың дауысы есептеліп жатыр
13.10.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2025, 20:17
Израильдік тұтқындар босатыла бастады
13.10.2025, 20:14
Гидротехникалық нысанның құрылысы желтоқсанда аяқталады
13.10.2025, 20:13
Қ.Тоқаев АҚШ президентінің дипломатиялық табысын жоғары бағалады
13.10.2025, 20:10
«Достық – Мойынты»: Екінші желіден 13 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды
13.10.2025, 20:07
ІІМ: Қылмыстың үштен бірі мас күйде жасалады
13.10.2025, 20:07