Түркияда дүлей дауыл соғып, 4 адам көз жұмды
Кеше Түркияның батысында орналасқан бірнеше қалада сұрапыл дауыл соғып, салдарынан 4 адам көз жұмды. Тағы 38 адам түрлі жарақат алған.
Синоптиктер Лодос деген атау берген дүлей дауылдан ғимараттардың шатырлары ұшып, ағаштар тамырымен қопарылды. Сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен Ыстамбұл, Измир, Қожаелі сияқты қалаларда әуе және кеме қатынасы тоқтатылды. Бірнеше қалааралық жолда жүк көліктері аударылып, кептеліс туындаған. Ал елдің оңтүстігіндегі Анталия провинциясында жойқын желдің кесірінен бірнеше елдімекенде сел жүрді. Мамандар дауыл бүгін кешке дейін басылады деген болжам жасап отыр.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді
16.09.2025, 20:17

Заң мен Тәртіп болса, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады
16.09.2025, 20:15
Жамбыл облысында балалардың құқын қорғау басқармасы ашылады
16.09.2025, 20:14
Израиль Газа қаласын басып алу операциясын жүргізіп жатыр
16.09.2025, 20:12
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды
16.09.2025, 20:08
Ұлттық волонтерлік желі арқылы 6 мыңдай ерікті оқудан өткен
16.09.2025, 20:07
Рени Хаттар: Дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әлемдік аренада үлкен беделге ие
16.09.2025, 20:05
Сенат төрағасы: Жанжалдар бейбіт әрі дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс
16.09.2025, 20:03