Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
Ұлттық тұтастық пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру үнемі басты назарда болуы тиіс. Елордада өткен «Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздыққа толы жылдар. Мемлекетіміздің басты жетістіктері» атты республикалық конференцияда түрлі сала мамандары осыған ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған ел бірлігі мен жүйелі реформаларды жүзеге асыру жайы сөз болды. Елдің дамуына елеулі үлес қосқан мамандар құрметті азамат атағына ие болды. Олардың арасында қоғам қайраткерлері, білім, ғылым және денсаулық сақтау саласының мамандары, құқық, БАҚ саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер, спорт және мәдениет өкілдері бар.
Жырғау Туғанбай, Ақмола облысының тұрғыны, кәсіпкер:
Бұл маған берілген үлкен сенім, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеудегі үлкен сенім деп білемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Рахметулла Сман, Түркістан облысының тұрғыны, ұстаз:
Біз өте қуаныштымыз. Алдымызға үлкен міндеттер қойылып жатыр. Елімізге, жерімізге саналы сапалы ұрпақ тәрбиелеуде үлесімізді қосамыз деп сенім білдіреміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42