Басты Жаңалықтар Асқар Мамин Халықаралық валюта қорының сарапшыларымен кездесті

Асқар Мамин Халықаралық валюта қорының сарапшыларымен кездесті

10 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 3,5 пайызға дейін өсіп, пандемияға дейінгі көрсеткішке жетті. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин Халықаралық валюта қорының сарапшыларымен кездесуінде айтты. Әрі елдегі экономикалық ахуал, сондай-ақ пандемия салдарын төмендету және халық пен бизнесті қолдау бойынша сараптамалық бағалаулар таныстырылды. Болжамға сәйкес ел экономикасының өсу қарқыны 3,7%-ға жеткен. Халықаралық валюта қорының өкілдері Қазақстандағы қаржылық қадағалауды күшейту, инфляциялық таргеттеу, салықтық және бюджеттік әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі шараларға жоғары баға берді.

Премьер-Министр пандемиядан кейін жағдайды қалыпқа келтіру үшін Мемлекет жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкенін атап өтті. Тараптар ақша-несие, валюта, салық-бюджет саясаты, банк саласындағы ахуал, жеке секторды дамыту және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономиканың құрылымдық реформалары мәселелерін талқылады.

Раушан Сайлауқызы

Бөлісу