Инфляция 8,9%-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инфляция 8,9%-ға жетті

12.10.2021

Елімізде инфляция өсіп жатыр. Жыл басынан бері ол 8,9 пайызға жеткен. Бүгін Үкіметте еліміздің 9 айдағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері талқыланған болатын. Ұлттық банк төрағасы инфляцияның өсуіне қант, жұмыртқа, тауық пен сиыр еті секілді әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 10 пайызға қымбаттауы әсер етіп жатыр дейді. Айтуынша инфляцияны «ұстап тұру» үшін азық-түлік қымбатшылығына жол бермей, түрлі тауар тапшылығын болдырмау керек. Десе де бұған қарамастан экономикалық өсім қалпына келе бастады. Ұлттық экономика министрінің айтуынша жалпы ішкі өнімі 9 айда 3,4 пайызға өскен. Карантинтік шектеулер жеңілдетілгелі барлық сала бойынша тұрақты өсім бар. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторында алға жылжу байқалады. Десе де бұл жеткіліксіз. Жұмысты жандандыру үшін Үкімет басшысы инвестицияны көптеп тарту қажет деді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

Қызмет көрсету секторы да карантиндік шектеулер азаюына байланысты сенімді түрде қалпына келіп жатыр. Құрылыстың өсу қарныны 9,7 пайыз деңгейінде. 9 айда елде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп. Іскерлік белсенділікті одан әрі қалпына келтіру және сапалы даму үшін инвестициялар тарту ісін жалғастырып, одан әрі күшейтудің маңызы зор.


Хабарламаларға жазылу