Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 20 миллиардтан астам теңге өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 20 миллиардтан астам теңге өтті

20.06.2016
Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 20 миллиардтан астам теңге өтті

Қазақстанның электрондық үкіметінің төлем шлюзі арқылы өткен төлемдер сомасы, жүйенің іске қосылғанынан бері 20 млрд теңге межесінен асты, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде 5,5 миллиардын қазақстандықтар осы жылдың ішінде, жарты жылға жетпейтін уақыт мерзімінде, eGov арқылы төлегенін атап өткен жөн. Ал 2015 жылдың төлемдер статистикасын қарастырсақ, ол, былтырғы кезең бойынша 10 млрд теңгеден астам сомасын құрды.

Көбінесе электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар төлемдері төленеді - ол дегеніміз барлық төлемдердің 74%-ын  немесе 15 млрд. теңге сомасын құрайды. Жиі кездесетін келесі төлем түрі - салықтар мен алымдар - барлық төлемдердің 12%-ын құрайды (2,3 млрд. теңге). Үшінші орында - салықтар - 7 %-ды құрайды (1,4 млрд. теңге).

Осыған қоса, азаматтар электрондық үкімет порталын өздерінің Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі шоттарын толтыру мақсатында белсенді пайдаланады - барлық төлемдердің 6%-ы немесе 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.

Бюджетке төленгенін растайтын құжаттарды талап етпеу мақсатында электрондық үкіметтің төлем шлюзінің екінші деңгейдегі 21 банкпен интеграциясы іске асырылғанын атап айтқан жөн.

«Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның мақсаты - банктер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын іске асыру арқылы қоғамды, электрондық үкімет шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін, электрондық төлеу құралдарымен қамтамасыз ету. Электрондық үкіметтің онлайн-төлемдерінің толық тізімімен мына жерден танысуға болады.

Хабарламаларға жазылу