Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады. Ол Президентке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Сондай-ақ, Қазақстандағы биржа саудасының дамуы, өзге тауарлардың бағасына қатысты ахуал, кірме жолдар нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде мәлімет беріп, монополияға қарсы әрекет ету шаралары туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын төмендету жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда азық-түлік өндірісі көлемін ұлғайту, отандық тауар өндірушілерге қолдауды арттыру және халықтың осал топтарына қолдау көрсету қажет екендігін ескертті.
Оңғар Алпысбайұлы