Орталық Азиядағы бес елдің білім саласын дамыту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азиядағы бес елдің білім саласын дамыту мәселелері талқыланды

18.06.2021

Орталық Азия мемлекеттерінің білім саласы ынтымақтастығын нығайту мен сырттай сапаны бағалау, білім беру интернационализациясы мен өңірлік контекстегі жоғары білім берудің даму ерекешеліктерін сараптау. Бұл мәселелер бүгін Түркістан қаласында өткен халықаралық форумда кеңінен сөз болды. Онлайн форматта өткен кезекті кеңеске бес елдің білім министрлері мен сала мамандары қатысып, жоғары білім саласын жетілдіру жайын сөз етті. Еуропа елдерінің озық тәжірибелерін Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркіменстан елдерінде кеңінен қолданысқа енгізу жайы талқыланды. Сондай-ақ, қазіргі пандемия кезінде бірігіп жұмыс жүргізу арқылы өзара ынтымақтастықты арттыру, ұлттық біліктілік шеңберін жасау мен сапаны қамтамасыз ету, мобильдік және жоғары білім берудегі жұмысқа орналастыруды ынталандыру реформаларын қолдау мәселелері талқыланды.

Бану Нарбекова, ҚР Білім және ғылым министрлігі департамент директорының орынбасары:          Еліміздің Білім және ғылым министрі басқосуда білім сапасын қамтамасыз ететін ортақ Ортаазаиялық агенттік пен ректорлар кеңесін құру туралы ұсынысын ортаға салды. Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен студенттер альянсын құру туралы бастама көтерді. Қазақстан тарапынан осы елдер арасындағы студенттерге сипендия төлеу мәселесі сөз болды. Бұл мәселелердің барлығы Түркістан декларациясы аясында жүзеге асырылмақ.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу