Мумбаи қаласында үй опырылып, тұрғындар мерт болды
Сапасыз баспанадан шетелдіктер де оңбай зардап шекті. Үндістанның Мумбаи қаласында көпқабатты тұрғын үй құлап, 11 адам мерт болды. КСМ: Олардың сегізі – бала. Тағы жеті адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін деп, іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қауіпке байланысты жақын маңдағы үш үйдің тұрғындары көшірілді. Алдын ала болжам бойынша, апатқа нөсер жауын себеп.
Ал, Оңтүстік Корея астанасы Сеулде 5 қабатты үй опырылып, жолда жүріп бара жатқан көліктерге құлады. Салдарынан 9 адам опат болып, сегізі зардап шекті. Ғимарат ескі болған. Сол себепті сүрілуі тиіс еді. Енді апат себебін анықтау үшін арнайы тергеу жүргізіледі.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысында білім бөлімінің 43 қызметкері сотталды
17.10.2025, 20:38

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларының тиімділігі
17.10.2025, 20:34
Депутаттар: Банк қызметкерлері жеке деректерді сатқан
17.10.2025, 20:33
Банктердің жеке деректерді сақтау мерзіміне қатысты талап қатаңдайды
17.10.2025, 20:30
Диқандар қызылшаны зауытқа өткізе алмай жатыр
17.10.2025, 20:26
Кәсіп иелерінің 70 пайызының салық жүктемесі азаяды
17.10.2025, 20:17
Өртке оранған пәтерден екі баланы аман алып шыққан батыр
17.10.2025, 20:09
Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
17.10.2025, 20:03