Елімізде алғаш рет нейрохирургиялық гибридті операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алғаш рет нейрохирургиялық гибридті операция жасалды

07.06.2021

Елімізде науқасқа алғаш рет бір мезетте екі операция қатар жасалды. Ол - гибридті операция деп аталады. Яғни, бірнеше техниканы қолдану арқылы Ұлттық ғылыми медицина орталығының мамандары мұндай ем шараны тұңғыш рет қолға алды.

40 жастағы бұл науқас осыдан бір жарым ай бұрын геморрагиялық инсульт алған. Мидағы атерио-венозды мальформация жарылып, салдарынан беті қисайған. Оң жақ қол-аяғы әлсіреген. Әдетте, науқас бірнеше кезеңді операцияны қажет етеді. Ал, гибридті технология арқылы науқасты бір мезетте сауықтыруға болады.

Серік Дүйсенбі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, нейрохирургия бөлімінің жетекшісі: 
Науқастың ауруы осыны керек болғандығы үшін біз бірден жасап отырмыз да. Енді мысалы, науқас екі рет жасап, екі рет ашқан кезде операцияның, наркоздың қауіп-қатерлігі барлығы жоғарылайды. Одан кейін сіз бір рет жасап, екінші рет ашқанда да ол және қанауы мүмкін.

Мамандардың сөзінше, бұл ауруды емдеу өте күрделі. Ауырлығына қарай 5 дәрежеге дейін жетеді. Ал, бұл науқаста артерия мен вена артық ақаулы тамырлар арқылы қосылып кеткен. Оның үстіне ақаулы тамыр тым тереңде орналасқан. Жарылған жағдайда адам өміріне аса қауіпті.

Дәуіржан Нұртуғанұлы, дәрігер-нейрохирург
Бұл науқастар көп жағдайда сырт жаққа кетіп жатады, мысалы, Ресейге баруы мүмкін. Қазір Еуропа елдерінде басқа да түрдлерін жасайды. Ашық түрде жасайтын өзіміз де жасап жатырмыз.  Жалпы құн жағынан төлеу құны жоғарырақ болады. 4 млн-ның үстінде.

Шет елде жасау бізден 7-8 есе қымбат. Ал, бұл операция мемлекеттік квота арқылы тегін жасалды. Енді науқастың инсульт алу қаупі 98-100 пайызға дейін төмендейді. Айта кетейік, артериовнозды мальформацияны ашық микрохирургиялық операция жолымен кесіп алу қазір елдегі санаулы клиникада жасалады. Ал, мұқтаждар саны өте көп,-дейді мамандар. Мәселен, әлемдегі 100 мың адамның 12-сі осы дертпен ауырады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу