Түркістан, Алматы, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 100-ден астам мектепте дәретханалар заман талабына сай емес. Сондай-ақ 21 мыңдай оқушы тасымалға мұқтаж. Бұл туралы сала министрі мәлімдеді. Тасымал үшін 506 көлікті жаңартуға әкімдіктерден қаржы сұрады. Елдегі мектептер мен балабақшалар түгел бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бірақ 21%-ы талапқа сай емес. 823 мектептің ғана бейнебақылау жүйесі полиция органдарының жедел басқару орталығына қосылған. Премьер-Министр мәселені оқу жылы басталғанға дейін шешуді тапсырды.
Жалпы, бұдан былай мемлекеттік органдардың жұмысы балалардың қауіпсіздігі мен құқығының қорғалуымен бағаланады. Келер жылы игілік индексі енгізіледі. Демек жеткіншектердің денсаулық, білім, материалдық әрі әлеуметтік тұрғыдан оң көрсеткіші ескеріледі.
Нысаналы Ығыл