Алматы облысында төрт қызды қаққан жүргізушіге қатысты сот отырысы басталды
Бүгін Алматы облысында төрт оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты сот отырысы басталды. Көлік тізгінінде болған 54 жастағы азаматқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі, яғни, мас күйінде екі немесе одан да көп адам өліміне алып келген көлік құралын басқарды деген айып тағылып отыр. Егер кінәлі деп танылса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, осы жылдың наурыз айында Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылының тұрғыны мас күйінде төрт оқушыны қағып кеткен еді. Алған жарақатынан екі қыз бала ауруханада көз жұмды. Зардап шеккен өзге екі баланың жағдайы қазір жақсы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16

Талдықорғанда Олимпиада чемпиондары жастармен кездесті
18.10.2025, 17:08
Мәскеуде «Парасат майданы» спектаклі сахналанды
18.10.2025, 17:06
25 Қазан - Республика күні
18.10.2025, 17:04
Ертең – Орманшылар күні
18.10.2025, 17:01
Абай облысында үш жылда улы газдан қорғайтын 15 мың құрылғы тегін орнатылған
18.10.2025, 16:58
«Самұрық-Қазына» қоры бір миллион ағаш отырғызу бастамасын жалғастыруда
18.10.2025, 16:53
Каспий теңізінің тағдырына алаңдаған белсенділер дабыл қақты
18.10.2025, 16:50