Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық одан әрі артатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық одан әрі артатын болды

14.05.2021

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Пак Бен Сокпен келіссөздер жүргізді. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен парламентаралық байланысты арттыру жайында пікір алмасты. Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Корея арасындағы қарым қатынастың стратегиялық серіктестік деңгейіне жетуіне Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті. Өз кезегінде, Пак Бен Сок Қазақстанның дамудың ерекше жолын көрсеткен үлгілі мемлекет ретінде әлемге танылғанын айтты. Корей түбегінде бейбітшілік орнату мәселелері бойынша да маңызды серіктес екенін атап өтті. Сондай-ақ, мәртебелі мейман Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.

Оңғар Алпысбайұлы

корея ынтымақтастық

Хабарламаларға жазылу