Арнамыздан шығатын «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жетекшісі Жайна Сламбек «Спутник V» вакцинасын салдырды. Вакцинадан кейін жарты сағат дәрігерлер бақылауында болды. Қандай да бір қарсы көрсетілім байқалмаған. Енді 21 күннен соң екіншісін алады. Тәжірибелі маман дәл қазіргі күйзеліс кезеңінен шығудың жалғыз жолы вакцина деп есептейді.
Жайна Сламбек, «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жетекшісі:
Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ешқандай жанама әсер, өзгеріс байқап тұрған жоқпын. Адам өмірінен артық ешнәрсе жоқ. Соны түсіуіміз керек. Жауапкершілікпен қарауымыз керек. Сондықтан вакцина алған дұрыс деп ойлаймын.
Ұлттық арнаның Маңғыстау облыстық филиалының журналистері ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды. Олар да ең алдымен дәрігердің тексеруінен өтті. Вакцинаны қабылдағаннан кейін олар да жанама әсер байқалмаған. Бұған дейін өңірде медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен тұрғындарды қосқанда 5 мыңнан астам астам адам егілді.
Атырауда да БАҚ саласының қызметкерлері вакцина ала бастады. Бүгінде 30-ға жуық журналист екпенің алғашқы компонентін салдырды.
Раушан Сайлауқызы