Алматыда өткен тәулікте 545 адамнан коронавирус анықталды. Инфекциялық стационарларда жатқан 2700 науқастың 32-сінің жағдайы өте ауыр. Ал үйде оқшауланғандар саны 3,5 мыңға жуықтады. Мамандардың айтуынша, соңғы айларды науқастанған балалар саны едәуір көбейген. Жыл басынан бері 1500-ге жуық бүлдіршін инфекция жұқтырған. Сондықтан бас санитар оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшірді. Мамандар соңғы енгізілген қатаң шектеу шаралары оң нәтиже бергенін жеткізді. Атап айтсақ, жұмыста вирус жұқтырғандар 2 пайызға, базарларда 15 пайызға, қоғамдық тамақтану орындарында көрсеткіш 4 есе азайған. Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин коронавирустың алматылық штамы пайда болғаны туралы ресми мәлімет жоқ екендігін де айтты. Оның сөзінше, зертханалардан тек «ұлыбританиялық» және «оңтүстікафрикалық» штамға қатысты ақпарат алынған.
Нұрхан Нұрланұлы