Нұр-Сұлтанда LRT-ның тоқтап қалған құрылысы жанданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда LRT-ның тоқтап қалған құрылысы жанданады

14.02.2021

Нұр-Сұлтандағы жеңіл рельсті көлік құралы – LRT -ның тоқтап қалған құрылысы жанданады. Қала әкімі есеп бергенінде айтты. Алтай Көлгіновтің сөзінен цитата:

«Astana LRT – тұрғындарды алаңдататын мәселенің бірі. Оның құрылысы пандемия кезінде тоқтатылды. Себебі екінші дәрежелі банктерден сыртқы қарыз тарту керек болды. Қаражат қазақстандық банктерден ғана емес, шетелдік банктерден де тартылады. Қазір бұл жұмыс жанданды, банктер қаржы тартуы керек».

2019 жылдың қазан айында Президент Қ.Тоқаев қалалық әкімдікте өткен кеңесте былай деген: жаман аты шыққан LRT – жеңіл рельсті көліктің құрылысына тоқталсам, Үкімет пен әкімдік жұмсартып айтқанда, күмән туғызатын жоба бойынша жұмысты жалғастыруды шешті. Маған берген есеп бойынша, басқа жол жоқ. Себебі тоқтата салатындай емес, басталған шаруа тым әрі кетіп қалған.

Демек оның құрылысын тоқтатып, қала тұрғындарына ыңғайсыздық туғызып, тар болып қалған көшелерді қайта қалпына келтіруден гөрі, қаржы тауып құрылысын бітірген бар жағынан тиімді болғаны? Тек осы екеуінің есебін – коррупция символы болған бағандарды алып, құрылысты тоқтатқанға кететін шығын мен инвестиция тауып жобаны іске қосқаннан келетін пайданың қанша екенін салыстырған кестенің салық төлеушілерге ашып көрсетілмейтіні түсініксіз.


Хабарламаларға жазылу