«Sputnik V» вакцинасы туралы не білеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Sputnik V» вакцинасы туралы не білеміз

01.02.2021

«Sputnik V» - ағзаның аденовирустық платформасына негізделген әрі әлемдегі алғашқы тіркелген вакцина. Ресей екпесі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тізіміндегі вакциналардың алғашқы ондығына кіреді. Ғалымдардың сөзінше, «Sputnik V» вирустың британиялық штамына да қарсы тұра алады. Осы күнге дейін екпе салдырғандардың бірде-бірінде аллергиялық реакция байқалмаған. «Sputnik V» екпесін Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Венесуэла және Беларусь секілді 50-ден астам елдер алуға тапсырыс берген. 

Былтырғы жылдың желтоқсан айынан бастап «Sputnik V» вакцинасы Қазақстанда да өндіріле бастады. Кезең-кезеңімен 2 млн доза екпе шығарылмақ. Осы технологиямен кейін отандық KazCovid-In шығарыла бастайды. Бұл – бірінші қазақстандық вакцина. Клиникалық зерттеулердің екінші кезеңінде оның тиімділігі 96 % көрсетті.

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу