Жамбыл облысында газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

25.01.2021

Жамбыл облысында газ баллоны жарылып, екі адам жарақат алды. Оның бірі - 14 жастағы бала. Облыс орталығына жақын маңдағы Шайқорық ауылындағы жер үйде үш литрлік газ баллоны жарылып кеткен. Салдарынан үйдің терезелері сынып, қабырғаларына сызат түскен. 

Мақсат Әкімбаев, ТЖД Өртті бақылау басқармасының басшысы:
Жағдайлары орташа тұрақты. Газ баллонын суық жерден жылы жерге кіргізген соң газ ұлғайып, жарылған. 

Қарағанды қаласының маңындағы Дубовка елді мекенінің тұрғыны өрттен аман қалу үшін үшінші қабаттың терезесінен секірді. Салдарынан әйел адамның жұлыны зақымданған. Бұл жағдай құтқарушылар жеткенге дейін болған. Төтенше жағдай қызметкелері келгенде кіреберістегі баспалдақ алаңы жанып жатқан. Құтқарушылар 3-қабаттың терезесіне баспалдақ қойып, газға уланған ер адамды сыртқа алып шыққан. Жалын үш пәтерді шарпып үлгерген. Өрт отты пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтамау салдарынан пайда болған.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу