Өткен тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды. 831 адам коронавирус жұқтырған. Оның 76-сы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Алматы қаласында - 128, Атырау облысында 107 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 160650-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 723 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 147512. Қайтыс болғандар - 2352.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 776 адам ем қабылдап жатыр. 291 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 76 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46190 адам пневмонияға шалдыққан. 33681 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 519.