Басты Жаңалықтар Мұғалімдерді мектептің жөндеу жұмыстарына жеккендер жазаланды

Мұғалімдерді мектептің жөндеу жұмыстарына жеккендер жазаланды

Елімізде мұғалім мәртебесі заңын бұзғандар жазаланып жатыр. 30-дан астам адамға айыппұл салынды. Олардың арасында тек басшылар ғана емес ата-аналар да бар.

Бұл биыл қабылданған заңның орындалуын бақылау үшін мектептерге жүргізілген тексеріс кезінде анықталған. Жазасын алғандардың қатарында Түркістан облысының Леңгір қаласындағы мектеп-интернаттың басшылары бар.

Сондай-ақ, Кентауда мұғалімдерді мәжбүрлеп мектептің жөндеу жұмыстарына тартқандар анықталды. Мекеме басшылығы әкімшілік жаза арқалады. Жалпы, осындай шағымдар өңірлік департаменттерге жиі түседі. Білім министрлігі келешекте жазаны қатаңдатуды жоспарлап отыр.   

Фариза Мұсақызы

Бөлісу