18 мамырдан бастап мешіттер мен қоғамдық тамақтану нысандары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 мамырдан бастап мешіттер мен қоғамдық тамақтану нысандары ашылады

13.05.2020

Келесі аптада кафе, ресторандар жұмысын бастайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Жиында кәсіпорындардың жұмысын жандандыру жоспары бекітілді. Мәселен, 18-ші мамырдан бастап қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану нысандары мен жазғы алаңдар ашылады. Тек бір уақытта 30 адам ғана қабылдауы тиіс. Сондай-ақ азаматтардың діни мекемелерге баруына рұқсат беріледі. Бірақ жиналған халық саны ғимараттың қызмет көлемінің 30 пайызынан аспауы тиіс. Бүгін Ақтау, Орал, Шымкент, Жезказган, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларында әуе қатынасы жанданды. Ал теміржол қатынасы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңімен іске қосылады. Билеттер 15 мамырдан сатыла бастайды.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу