Түркия мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толды

23.04.2020

Түркияда коронавирустың кесірінен 100 жылда алғаш тәуелсіздік күні тойланбай қалды.

Бүгін Түркияда ең маңызды мемлекеттік мереке тәуелсіздік және балалар күні. 1920 жылы дәл осы 23 сәуір күні Мұстафа Кемал Ататүрік ел парламентінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде тәуелсіз Түркия мемлекетінің құрылғанын айта келіп, бұл мемлекеттің болашағы оны құру жолында құрбан болғандардың балаларының қолында екенін айтқан. Содан бері елде қос мейрам қатар тойланады. Бүгін елде коменданттық сағат болғандықтан, барлық мерекелік шараларға тыйым салынды. Алайда тұрғындар терезелеріне мемлекеттік ту іліп, балалар өздері салған суреттерін жапсырып мерекені шама шарқыларынша атап өтіп жатыр. Сондай-ақ, жергілікті уақытпен кешкі сағат тоғызда ел президентінен бастап, барлық тұрғындар балкондарына шығып әнұран шырқайтын болды. Ал бұл шектеуге қарамай көшеге шыққандарға алдыңғы хабарларымызда айтқандай 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Мәселен, өткен аптада маскасыз жүрген және тыйымға қарамай көшеге шыққан 20 мыңнан астам адамға айыппұл салынды. Айыппұлға ілікпеу үшін мен де қазір эфирге үйімнің балконынан шығып тұрмын. Ал енді елдегі коронавирустың таралуы туралы айтар болсам. Бүгінге дейін вирус жұқтырғандар саны 98 мыңнан, ал осы дерттен қайтыс болғандар екі мың адамнан асты. Қазір Түркия вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде жетінші орынға шықты. Менің айтар ақпаратым осындай.

Айдос ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу