Басты Жаңалықтар Отандық кәсіпорындарды қолдауға 300 миллиард теңге бөлінеді

Отандық кәсіпорындарды қолдауға 300 миллиард теңге бөлінеді

Отандық кәсіпорындарды қолдап, жұртты жұмыспен қамту үшін 300 миллиард теңге бөлінеді. Бүгін Шұғыл әрекет ету штабының кеңесін өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. 

Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы тұрып, тұрақтылықты сақтау үшін дүрбелеңге бой алдырмай, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет деді. Әсіресе әлеуметтік желіге баса мән беру керек. Сондай-ақ балаларына қарау үшін үйінде отыруға мәжбүр ата-аналардың біріне ақылы еңбек демалысын төлеу қажеттігін айтты. Әрі мемлекеттік қызметшілердің шетелдерге іссапармен баруына тыйым салынады, тек еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сапарларға ғана рұқсат беріледі деді президент. Сондай-ақ, бюджет шығындарын оңтайландырып, қаржыны халықты жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсау керектігін айтты. Сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банк қаржы нарығын реттеп, отандық өндірісті қолдауға және жұмыс орындарын сақтауға арналаған жоспарын әзірлеуі керек. Жұртты азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамту да басты назарда деді мемлекет басшысы. 

Досжан Маратұлы

Бөлісу