Бұл уақытта коронавирус тараған қауіпті елдердің қатары толығып жатыр. Осы тізімге енді Оңтүстік Корея кірді. Осы ретте, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин вирустан сақтану шараларына өзгеріс енгізді. Яғни, бұдан былай осы елден келген азаматтар да бірінші санаттағы қауіпті елдерге қатысты тәртіп бойынша тексеріледі. Естеріңізде болса, бұған дейін вирустан аса қауіпті елдер санатында Қытай мен Иран ғана болған еді. Енді осы үш елден келген адамдар міндетті түрде ауруханаға 14 күндік карантинге жатқызылады. Кейін 10 күн бойы дәрігердің бақылауында болады. Айта өтейік, әлемде вирус тарап жатқан елдер қауіптілігі бойынша 3 санатқа бөлінген. Қазақстан тарапынан медициналық тексеру осы регламентке сай жүргізіледі. Ең қауіпті елдер санатында Жапония, Италия, Гонконг, Макао, Тайвань елдері бар.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ