Президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

26.01.2020

Жұмада Президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өткені мәлім – онда жоғары атқарушы билік былтыр әлеуметтік-экономикалық саясатты қалай жүргізгеніне, Мемлекет Басшысының тапсырмаларын қалай орындағанына есеп берді.

Прогресс қаншалықты екенін, регресс қалай шаршатқанын әрбір отбасы, әрбір азамат өз тіршілігіне қарап дәл бағалайды. Ал Президент Қ.Тоқаев «үкімет өзіне тапсырылған міндеттерді жақсы түсінеді» дегенімен мынадай байлам, пайымдарын айтты: «Қазақстанның қаржы жүйесі сырқат», «Министрлер мен әкімдер бағаны тұрақты ұстау тапсырмасын орындай алмады», «Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі сапасыз енгізілді».

Ал «Педагогикалық жоғары оқу орындарына үлгерімі төмендер түседі, соңында біліксіз маман шығады, осы ситуацияны түпкілікті өзгерту керек» дегені рас, өте актуальді - қаңтардың басында тәжірибелі ұстазға толыққанды комментарий жасата отырып, бұл мәселені көтергенбіз.

Қ.Тоқаевтың «Реформаларды тізеден басып отырып істеу керек, жағдай өте күрделі. Егер бәсеңдетіп алсақ, оның ішінде цифрландыру реформасын, онда шаң қауып қалғанымыз қалған» дегені жаңа парадигмаларды түсіну бар да, оның шарттарын орындау барысына, ал мемлекеттік қызметшілердің менталитет пен стилі кәдімгідей күрделі мәселе екеніне нұсқағаны сияқты. Бірақ Президенттің тезистерін сараласақ, «үнге құлақ асатын билік» принципінен айнымайды, керісінше.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу