Кеген ауданының тұрғындары 90 метрлік көрпе тікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеген ауданының тұрғындары 90 метрлік көрпе тікті

08.11.2019

Көрікті мекен Кеген ауданының құрылғанына биыл 90 жыл толды. Мерейлі датаға орай, облыс әкімі бірнеше ұжымға шағын автобустардың кілттерін табыс етті.

90 жылдыққа арналған шаралар алдымен спорттық-сауықтыру кешенінде қазақ күресінен ауданның ашық біріншілігімен басталды. Спорттық нысанның маңына аймақ басшысы Амандық Баталов, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров сынды танымал тұлғалар шырша отырғызды. 

Бұл спорт сарайы 621 млн теңгеге салынып, ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Оның аумағы - 5 мың шаршы метр. Сонымен қатар, мерейтойға байланысты «Ата тарих, тоқсан жылдың толғауы» атты кітап жарық көрді. Ал орталық алаңда спорттық жарыстар мен жәрмеңке өтіп, ақ жаулықты әжелер 90 жылдыққа арнайы тіккен 90 метр құрақ көрпесінін көпшілік назарына ұсынды. 90 тонна бауырсақ тұрғындарға тегін таратылды.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

Ауыл шаруашылығында бірталай жақсы іс атқарылып жатыр. Мынау шағын және орта бизнес дамып, біраз жұмыс істеліп жатыр. Солардың барлығы ауданның экономикасына үлкен үлесін қосып отыр. Нәтижесінде халық риза. 

Алмат Әбдіраман

Хабарламаларға жазылу