Премьер-министр: Инфляцияға сырттан келетін азық-түлік бағалары себеп
Инфляцияға
сырттан келетін азық-түлік бағалары ықпал етіп отыр. Бүгін Үкімет отырысында
Премьер-министр осылай деді. Олжас Бектеновтің айтуынша, ішкі нарықты отандық
өніммен барынша қамтамасыз етіп, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын
жедел қалыптастырған жөн. Өйткені инфляцияның басты себебі импорт үлесінің
басымдығы. Осы ретте, Үкімет басшысы инфляцияны төмендету үшін тұтыну бағаларын
тұрақтандыру жұмысын күшейту қажеттігін айтты.
Олжас Бектенов, ҚР
Премьер-министрі:
Мемлекет басшысы атап өткендей, тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыру бойынша батыл шаралар қабылдау қажет. Банктер мен несие беру ұйымдары, сауда нүктелері тауар бағасындағы бөліп төлеудің нақты құнын, сондай-ақ несиелеу кезіндегі барлық артық төлемді толық ашып көрсетуі тиіс.
Жыл соңына дейін коммуналдық қызмет тарифтері
қымбаттамайды
Сондай-ақ
Үкімет басшысы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы жан-жақты
жаңғыртуды қажет етеді,-деді. Бұл
бағыттағы жұмыс тиісті Ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде жүргізіледі.
Үкімет ұстамды тарифтік саясатты қолдап отыр. Сондықтан аталған жұмыс
ұзақмерзімді қаржыландыру мен монополистердің операциялық шығыстарын қайта
қарау есебінен қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін халық үшін коммуналдық
қызмет тарифтерін өзгерту жоспарланып отырған жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
